Атырау, 28 қараша 21:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ердоған Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайтынын мәлімдеді

1 642 просмотра


Түркия президенті Тайип Ердоған Түркияның Украинаның егемендігін қолдайтынын және Қырымның "заңсыз аннексиясын" мойындамайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz 

Бұл мәлімдемені ол Украина президенті Петр Порошенкомен Киевтегі өткен екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша брифингте жасады.  "Порошенкоға Түркияның Украина егемендігін, территориялық тұтастығын, оның ішінде Қырымды және саяси  консолидациясын қолдауды жалғастыратынын тағы да айттым", - деді ол.  

Сондай-ақ, Ердоған украин әріптесімен кездесуде Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша үйлестіруге келіскенін айтты. 

"Біз елдерімізге қатысты халықаралық аймақтық мәселелерді талқыладық, оның ішінде Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік мәселесі де бар. Досымыз екеуміз (Порошенкомен) осы мәселеде үйлесе отырып әрекет етуге келістік", - деді Ердоған Порошенкомен бірге өткен мәслихатта.   

Дереккөз: Тengrinews.kz 


10 қазан 2017, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.