Атырау, 28 қараша 18:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Путин Түркияға барып, екі ел арасындағы мәселелерді ақылдасады

2 493 просмотра


Ресей мен Түркия басшылары келесі аптаның бейсенбі күні бас қосып, екі мемлекет арасындағы келелі мәселелерді – Сүрия мәселесін және Түркияның Ресейден сатып алатын S-400 қорғаныс жүйесі төңірегіндегі істерді кеңесетін болды. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты жазды. 

Ердрған мен Путин осыдан бұрын Германиядағы G20 кеңесі кезінде кездескен болатын. Ердоған аптаның бас шеніндегі баспасөз жиынында берген мәліметіне қарағанда, дүйсенбі күні екі елдің басшысы телефон арқылы сөйлескен. Ероған сөзінде: «Бейсенбі күні кеште кездесеміз, Сүрияда не болып жатыр, осы турасында талқылайтын боламыз», - деген. 

НАТО мен Ресей қарым-қатынасы ушыға түскен уақытта Түркия жақ Ресейдің қорғаныс жүйелерін сатып алатынын жария еткен еді. Бұл шешім жария болғаннан кейін НАТО мүшелері Түркияға қарсылық білдірді. Алайда, Түркия жақ "Сүриядағы түрлі топтардан төнетін зымыран қауіптері кезінде ұйымның түрік елін қорғауға қабілетсіз болғанын" алға тартқан еді. Соңғы кездері Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жиілей түсті. Алдағы кездесу екі жақты байланыстардың келесі қадамдарын анық көрсетіп береді деп күтілуде. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

21 қыркүйек 2017, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.