Атырау, 28 қараша 19:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

SOHR: Сирияда бір айда 3 мыңнан астам адам құрбан болды

1 850 просмотра


Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы қыркүйекте ұрыс қимылдарында қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен содырлар саны 3055-ке жеткенін хабарлады. Биыл Сирияда бір айда осыншалықты көп адам қаза таппаған.

SOHR-дың 1 қазанда жариялаған ақпараты бойынша, құрбандардың 955-і бейбіт тұрғын. Олардың арасында 207 бала мен 148 әйел бар.

Сирияда алты жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғыста 330 мыңан астам адам қаза тапты. БҰҰ есебінше, соғыстан бес миллион адам босып кеткен. Соғысып жатқан Сирия президенті Башар Асад әскерін Ресей мен Иран, ал түрлі көтерілісшіл топтарды Түркия мен АҚШ қолдайды.

Сирияда сонымен қатар "Ислам мемлекеті" эстремистік ұйымы да соғысып жатыр. Оған барлық мемлекет қарсы.

Дереккөз: Азаттық

2 қазан 2017, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.