Атырау, 28 қараша 17:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түркия президенті S-400 жүйесін сатып алуға қол қойғанын Астана сапары кезінде айтты

2 465 просмотра

Фото: Азаттық

НАТО мен Түркия арасындағы таласты мәселенің бірі Ресейдің S-400 қорғаныс жүйелерін Түркияның сатып алу ісі болатын. Бұл мәселеде НАТО мүшелері «ресейлік қорғаныс жүйелері ұйымның стратегиялық қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп қарап, Түркияның ресейлік әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына қарсы болып келген. 

Ал, Түркия жақ өздерінің саралау тобының зерттеу қортындысын алға тартып, бұның тек қорғаныс үшін ғана пайдаланылатынын айтқан еді. Түркияның «Анатолы» ақпараттық агенттігінің хабарына қарағанда, бір күн бұрын түрік елінің басшысы Режеп Тайып Ердоған ресейлік S-400 қорғаныс жүйесін сатып алу келісіміне қол қойғанын жария еткен. Бұл туралы түрік басшысы Қазақстанда болып өткен ИЫҰ-ның саммитінде журналистердің сұрағына жауап берген кезде мәлімдеген. Ол сөзінде: «Елімізді қорғау үшін қауіпсіздік сақтау құрылғыларын өзіміз алуға тиіспіз. Түркия өзін-өзі қорғау үшін қауіпсіздікті сақтау шараларын нығайту ісіне ешкім дау-дамай туғыза алмайды. Қорғаныс жүйелерін сатып алумен қатар Түркия жақ өзінің де әскери өнеркәсібін арттыра түсетінін болады», – деді. 

Түрік елінің басшысы сөзінде: «Әр-түрлі әуе көліктерін жасауға қабілетті болған Түркия, өзінің әлеуетін терроризмге қарсы күресте анық танытып келеді. Айталық, соңғы бір аптада Түркия ӘӘК-і 90 террористі жойды», – деді. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркия жақ «Ресейдің әуе қорғаныс жүйелерін сатып алу шешімін Сүриядағы түрлі күштерден қауіп төнген кезде, НАТО әуе қорғаныс жүйелері Түркияға уақытында көмек көрсетпегені үшін қабылдадық» деген болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


13 қыркүйек 2017, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.