Атырау, 28 қараша 21:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Күрдістан автономиясының референдумын ұйымдастырғандар жауапқа тартылады

2 174 просмотра


Ирактың Жоғарғы Соты Күрдістан автономиясының тәуелсіздігі үшін референдум ұйымдастырған басшыларды жауапқа тарту туралы шешім шығарды. 

Осыдан екі апта бұрын Ирактағы Күрдістан автономиясы жеке дара мемлекет болуы үшін жалпыхалықтық референдум өткізіп, басым дауыспен жеңіске жеткен болатын. Енді Түркия мен Иранның тарапынан төнген қауіп пен Орталық билік қысымына ұшыраған автономияның басшыларын жазалау шарасы басталғаны туралы APF ақпараттық агенттігі жазды. 

Ирактың Премьер-министрі жетекшілік ететін Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Күрдістандағы референдумның ұйымдастыру комитетінің Хендрен Салех бастаған екі мүшесін тұтқындау туралы шешім қабылдады. Оларға Ирактың Конституциясына қайшы келетін референдумды Орталық биліктің қарсылығына қарамастан өткізген деген айып тағылып отыр. 

Ирак сондай-ақ, Күрдістандағы мұнайлы аудандардың табысын есептеп, ірі кен орындары монополистерін жемқорлығы үшін жауапқа тартатынын хабарлады.

Дереккөз: qazaqtimes.com


13 қазан 2017, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.