Атырау, 28 қараша 17:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ирак Парламенті Күрдістан автономиясының референдумына қарсы дауыс берді

1 477 просмотра


Ирак Парламенті Күрдістан автономиясының жеке мемлекет ретінде тәуелсіздік алу туралы бастама көтеріп, осы айдың соңына қарай референдум өткізбек болған ойын қолдаған жоқ. Депутаттар Ирактың тұтастығын сақтап қалуға дауыс берді. 

Ирактың Үкімет басшысына территориялық тұтастықты сақтау үшін келісімдерге келу тапсырылып, референдумды болдырмау міндеті жүктеліп отыр. Осыған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Күрдістан автономиясының басшысын "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы күрес жүргізіп отырған Иракқа қосымша мәселе турдырмауға шақырған болатын. 

Күрд халқының тәуелсіздігін қолдамайтындардың қатарында Иран мен Түркия да бар. Ирактағы 37 миллион халықтың 15-20 пайызын құрайтын күрдтер мемлекет ішіндегі ең ірі төрт этникалық топтың бірі. 1991 жылы автономия болған күрдтер ирактықтардан іргесін біржола аулақ салуға алғашқы қадамын 25 қыркүйекте үш ауданда белгіленген референдумнан бастамақ.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

12 қыркүйек 2017, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.