Атырау, 28 қараша 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Түркия мен АҚШ виза беруді тоқтатты

1 935 просмотра

Фото: Jaap Arriens / Zuma / Global Look Press

Бұған екі ел арасындағы дипломатиялық дау себеп болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Екі ел арасындағы дау өткен аптада Ыстанбұлда АҚШ консулдығының қызметкері ұсталғаннан кейін басталды.Түрік билігі оны Фетхуллах Гүленмен байланысы бар деп айыптаған.

Вашингтон Анкараның бұл әрекетін екіжақты қарым-қатынасқа сызат түсіретін негізсіз қадам деп айыптады.

Анадолу мемлекеттік агенттігінің хабарлауы бойынша, консулдықтың қамауға алынған қызметкері – Түркия азаматы.

«Жақында болған оқиғалар Түркия үкіметін АҚШ-тың түрік миссиясы мен қызметкерлерінің қауіпсіздін қамтамасыз ету туралы уәдесін қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Осы уақыт аралығында біздің АҚШ-тағы дипломатиялық және консулдық миссияларымызға келушілер санын барынша азайту үшін Америка азаматтарына виза беруді уақытша тоқтаттық», - деп мәлімдеді жексенбі күні Түркияның Вашингтондағы елшілігі.

Елшілік бұл шараның қағаз және электронды, сондай-ақ, шекарада берілетін визаларға қатысты екенін айтты.

Бұған дейін Америка да дәл осындай мәлімдеме жасаған болатын.

АҚШ-тың мәлімдемесінде Американың Түркия аумағындағы барлық дипломатиялық мекемесінде иммиграциялыққа жатпайтын виза беру уақытша тоқтатылғаны айтылған еді.

Иммиграциялыққа жатпайтын виза туристерге, сонымен қатар, АҚШ-қа оқуға, емделуге немесе бизнес үшін баратындарға беріледі.

Айта кетсек, Анкара ұзақ уақыттан бері АҚШ-ты Фетхуллах Гүленді беруге көндіріп келеді.

Ердоған Гүленді Түркияда 2016 жылы әскери төңкеріс ұйымдастырды деп айыптап отыр. Бірақ Гүленнің өзі бұл айыптауларды жоққа шығарады.

Дереккөз: Baq.kz

9 қазан 2017, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.