Атырау, 23 желтоқсан 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Барлық жаңалық

«Ақшаны медициналық сақтандыру қорынан алуға болатын болса, пациенттің қалтасына қол сұғудың қажеті қанша?!» Атырауда

«Ақшаны медициналық сақтандыру қорынан алуға болатын болса, пациенттің қалтасына қол сұғудың қажеті қанша?!»

Емхана дәрігерлері әдеттегідей сақтандырылған пациенттерді КТ және МРТ диагностикасын жасату үшін облыстық ауруханаға жібереді. Ол жерде пациенттер кезегін бірнеше апта күтуге мәжбүр. Алайда сол күні диагностика жасай алатын кез-келген жеке клиникаға жолдама бере алады. Көбіне күтуге мүмкіндігі жоқ пациенттер сол облыстық ауруханаға ақылы негізде диагностика жасатады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен мәжілісте Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (МӘМС) Атырау филиалының директоры Сәбит ҚҰРАЛБЕК әңгімеледі. Бейнежазба 23 мамыр 2021, 21:07 3 749 рет қаралды
​Ойын алаңдары: ақша жоқ, бірақ шыдаңыз -демеушілер көмектеседі Атырауда

​Ойын алаңдары: ақша жоқ, бірақ шыдаңыз -демеушілер көмектеседі

Атырау тұрғындары балалар ойын алаңдарының күйі кеткеніне жиі шағымданады. «АЖ» фейсбуктегі ірі қауымдастықтардан осы тақырып бойынша барлық ақпаратты сұратуды жөн көрді. Алғашқы екі сағаттың өзінде мекенжайы, суреті және видео жолдаған 600-ден астам комментарий түсті. Біз кейбір ықшамаудандарды өзіміз көріп келдік.   Сурет 22 мамыр 2021, 18:42 4 093 рет қаралды
Атырауда "Ashyq" жобасына қатыспайтын нысандар қызметі шектеледі (Қаулы) Атырауда

Атырауда "Ashyq" жобасына қатыспайтын нысандар қызметі шектеледі (Қаулы)

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері "Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы" қаулыға қол қойды. 21 мамыр 2021, 19:01 3 572 рет қаралды
Құлсарыда түнде оқ атылды Атырауда

Құлсарыда түнде оқ атылды

Әлеуметтік желіде түнде у-шуға толы бейнежазба пайда болды, ал 20 секундтық роликтің соңғы жағында атылған қарудың дыбысы естіледі. Бұл не болды екен? Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл Құлсары қаласында, «Иранбақ» кафесінің жанында болғанын - түн ортасында жасөспірімдер арасында жанжал туындағанын хабарлады. 21 мамыр 2021, 16:38 3 815 рет қаралды
Теңіз кенішіндегі күмәнді сөмкеден жарылғыш табылмады Атырауда

Теңіз кенішіндегі күмәнді сөмкеден жарылғыш табылмады

20 мамырда сағат 8:15 шамасында Теңіз кенішіндегі аялдамалардың бірінде қалған сөмке күмән тудырды. Қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылып, оқиға орнына саперлер келді. Бейнежазба 21 мамыр 2021, 15:54 3 731 рет қаралды
​Қиғаштан бір «қарт» өтіп жүр Атырауда

​Қиғаштан бір «қарт» өтіп жүр

Көптоғай ауылы мен Балықшы елді мекенін аудан орталығы Құрманғазымен Қиғаштан өтетін паром жалғап отыр.  Паром түсте бір сағаттық үзілісін алып тастағанда 07.30-21.00 аралығында жұмыс жасайды. Өту ақысы әртүрлі, ауыр жүк көліктері  мен траторлардың бір өту бағасы маркасына қарай 2000-4000 теңге аралығында болса, жеңіл көліктер 500, мотоцикл 300 теңге. Сурет 21 мамыр 2021, 12:29 4 032 рет қаралды