Атырау, 8 наурыз 03:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

Нашақорларға дәрілер заңсыз сатылған

1 790 рет қаралды

«Дәрмек» жедел-алдын алу шарасы барысында Атырау облысында есірткіге қатысты 4 қылмыс тіркелді.

 Бұдан басқа, медициналық мекемелер мен өзге де ұйымдарды тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабында («Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың айналысы саласының қағидаларын бұзу») көзделген 3 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Материалдар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды. 

ӘҚБтК-нің сол бабы бойынша жыл басынан бері сатуға тыйым салынған «Трамадол» және «Тропикамид» препараттарын (олар дәрігердің рецептісі бойынша дәріханаларда сатылады) заңсыз сатқаны үшін полиция қызметкерлері ұстаған 7 адам бар. 

Мәселен, 21 ақпанда «Береке» ықшамауданының 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Полицейлер одан 570 дана «Трамадол» және 22 дана «Тропикамид» тәркіледі. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

3 наурыз 2022, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.