Атырау, 7 қазан 15:31
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

66 кәсіпорында еңбек дауы шешілмеген – Ералы Тоғжанов

1 411 просмотра

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еңбек дауларын шешу мәселесінде Маңғыстау облысының тәжірибесін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Ахуал орталығы еңбек дауы туындауы мүмкін 469 проблемалы кәсіпорынға мониторинг жүргізді. Бүгінде 66 кәсіпорында еңбек дауы шешілмеген. Ондай кәсіпорындардың көбі Маңғыстау, Батыс Қазасқтан және Атырау облыстарында орналасқан», -деді ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде. 

Үкімет басшысының орынбасары аталған проблеамын арнайы штаб арқылы шешуге болатынын еске салды. 

«Маңғыстау облысында осындай қордаланып қалған мәселелерді шешетін арнайы штаб құрылған болатын. Соның жұмысына байланысты нақты, жүйелі шешімдер қабылданған. Осы тәжірибені, атап айтсақ, штабты құру жолдарын, сұрақтарды шешу тәсілдерін өзге өңірлерге енгізу керек. Ең алдымен Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе. Батыс Қазақстан облыстарына қажет», - деді вице-премьер.

2 наурыз 2022, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.