Атырау, 7 қазан 15:26
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Теңіз кенішіндегі өрт: «Вахталық қалашықта болған жоқ»

Бейнежазба
1 745 просмотра

1 наурызда сағат 16.40-та Теңіз кен орнында өрт шықты. ТЖД ақпараты бойынша, шамамен 200 шаршы метр жерде өндірістік қалдықтар жанды. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ТШО өрт сөндіру-авариялық құтқару қызметі (17 қызметкер мен 4 техника), "COCR" ЖШС (6 қызметкер мен 2 техника) қатысты.  

Құлсары қаласынан ТЖД 10 қызметкері мен 2 техника жіберілді.

«ТШО» жауабы: «Өрт Теңіз вахталық қалашығында емес, біздің өндірістік аймақтың сыртында орналасқан "Nasar Solutions" мердігер компаниясының цехында орын алды. ТШО-ның өрт және апатты тойтару қызметі оқиға орнына дереу жетті. Мердігер компанияның 15 қызметкері  қауіпсіз жерге жеткізілді, зардап шеккендер жоқ. Оқиға жайлы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Аталған оқиғаға қатысты қосымша сұрақтарды "Nasar Solutions" компаниясына және тиісті мемлекеттік органға жолдағаныңыз жөн».

Көп кешікпей, Экология министрлігінің баспасөз-қызметінен хабар келді: «1 наурыз сағат 15:20-да Атырау облысының Жылыой ауданындағы "Nasar Solutions" ЖШС-нің қалдықтарды басқару кешенінің (ҚБК) аумағында өрт шыққанын анықтады. Оқиға орнында "Теңізшевройл" ЖШС-нің өрт сөндіру авариялық құтқару қызметі жұмыс істеуде. Атырау облысы бойынша экология департаменті "Nasar Solutions" ЖШС-не қатысты ҚР экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы мәселені қарастырып жатыр. Нәтижесі қосымша хабарланады.

Атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын ең жақын орналасқан автоматты бекет қоршаған ортадағы ластаушы заттардың ШРК артылғанын тіркемеген».

ТЖД мынадай тағы хабарлама түсті: «Құлсары қаласынан 90 шақырым жерде "Nasar Solutions" ЖШС ашық аумағында бір-біріне жақын орналасқан 20 темір бөшкелер мен пластмасса ыдыстарда шамамен жалпы ауданы 2800 шаршы метр жерде тез тұтанатын сұйық қалдықтар жанған. Өрт салдарынан 1 жүк көтергіш (Car) өртеніп кетті. Өрт сағат 19.46-да оқшауланып, сағат 20.30-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.    

Өртті сөндіруге ТШО өрт сөндіру-авариялық құтқару қызметінің 17 қызметкері мен 4 техникасы, "COCR" ЖШС-нің 6 қызметкері мен 2 техникасы,  ТЖД 12 қызметкері мен 2 техникасы шықты».

Айнұр САПАРОВА

2 наурыз 2022, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.