Атырау, 7 қазан 15:23
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда майнингтік фермалар «алдын алу мақсатында» тоқтан ажыратылды

1 430 просмотра

Атырау облысында арнайы құрылған комиссия криптовалюта өндіретін майнингтік фермаларды тексеріп жатыр. Бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық майнингтің көлеңкелі субъектілерін анықтауды және осы қызмет түріне салықты арттыруды тапсырған болатын.

Комиссия анықтағандай, бүгінде Атырауда өткен жылы ашылған екі майнингтік ферма (Оңтүстік Промзонада) жұмыс істеп тұр, олардың қызметі заң аясында жүргізілуде.

- Олар «АЖЭО» АҚ-дан тұтынушылар ретінде техникалық шарттарды (электр энергиясын қосуға рұқсат) алып, «KEGOC» АҚ жүйелік операторының келісімінен өткен. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың тұтынуы нормадан аспайды және Атырауда электр қуатының тапшылығына әкелмейді, – дейді комиссия мүшесі, Атырау облысы бойынша атомдық және энергетикалық қадағалау департаментінің басшысы Жаслан АЙТҚАЗИЕВ. Дегенмен, олардың қызметі Қазақстанның барлық басқа майнингтік фермалары сияқты электр қуатын ажырату арқылы «алдын алу мақсатында» тоқтатылды. 

Ал, «Атырау облысындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау» ҚБ төрайымы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА әлеуметтік желідегі парақшасында «майнингтік фермалар электр энергиясын қайдан, қандай тарифпен алады?» деген сауал қойған еді. Өйткені, майнингтік фермалар бойынша көлемдер энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың кірісіне әсер етеді және электр энергиясына тарифті көтеруге өтінімдерді қарау кезінде ескерілуі керек. 

Атырау облысында 2021 жылы тарифтер (1 мамырдан және 1 қарашадан бастап) екі мәрте өсті . 

Айтпақшы, Ж.Айтқазиевтың айтуынша, Атырауда тағы үш майнингтік ферма ашылуда. Олар техникалық шарттарды алып қойған.

Айнұр САПАРОВА

2 наурыз 2022, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.