Атырау, 7 қазан 15:27
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Теңіз кенішіндегі өртке «отқа абайсыз қарау» себеп болған

1 387 просмотра

2 наурызда Теңіз кенішіндегі өртке алдын ала жасалған болжам бойынша отқа абайсыз қарау себеп болды делінген. Еске салсақ, 1 наурыз күні сағат 16.40-та «Nasar Solusion» ЖШС-нің қалдықтарды басқару кешенінің аумағында өнеркәсіптік шлам (мұнай қалдықтары) өртенген болатын. Өрт сағат 19.46-да оқшауланып, 20.30-да өшірілді.

Өрт салдарынан 1 жүк көтергіш (Car), 20 контейнер, сыйымдылығы бір тонна болатын 70 пластик ыдыс, екі жүз литрлік 60 металл бөшке жанып кетті.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асқат ЕРЖАНОВТЫҢ хабарлауынша, сағат 18.58-де ТЖД күштері мен құралдары өрт орнына жеткенде мұнай шламы бар 30 контейнердің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжанған өрт аумағы - 2800 м2.

Өртті сөндіруге ТШО мен ТЖД Жылыой бөлімшесінен барлығы 6 техника мен 23 қызметкер жұмылдырылды. Ең жақын өрт сөндіру бөлімшесінен өрт ошағына дейінгі қашықтық 90 шақырымды құрады.

А.Ержановтың айтуынша, «Nasar Solusion» ЖШС-нің қалдықтарды басқару кешені қауіптілігі жоғары нысан санатына жатқызылған және департаменттің есебіне тіркелген.

Бұдан бұрын өткен жылдың қыркүйек айында аталған нысанда тексеру барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері анықталған болатын.

- Өрт-техникалық тексеру қорытындысы бойынша заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған нысан 2022 жылдың 2-жартыжылдығына ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу кестесіне енгізіледі, – деп атап өтті А.Ержанов.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА 

3 наурыз 2022, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.