Атырау, 7 қазан 15:31
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Мектеп ішінде жарылғыш зат бар деп жалған ақпарат берген Атырау тұрғыны ұсталды

1 922 просмотра

Атырауда 23 жастағы жергілікті тұрғын полицияға 102 номерімен қоңырау шалып, Баймұқанов көшесіндегі мектепте жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлаған. Полиция жедел түрде жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат табылмағанын айтты: жалған ақпарат болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері жеңіл дәрежедегі мас күйде болған жас жігітті ұстады. Мас болғанын наркологиялық сараптама растады.

Жаза ретінде 6 жылға бас бостандығын айыру көзделген ҚР ҚК-нің 273-бабы ("Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

2 наурыз 2022, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.