Атырау, 7 қазан 15:31
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тұздыкөлде сауықтыру орталығының іргетасы қаланды

1 918 просмотра

Индер ауданының Тұздыкөл аймағында жоспарланған заманауи демалыс кешенінің іргесасы қаланды. Жобаның инвесторы «НефтеСтройСервис ЛТД» ЖШС.

Сауықтыру орталығының жобасы 3 кезеңнен тұрады. Оған Тұздыкөлдің басынан 50 гектар жер берілген. 1 кезең бойынша 3 қатарлы визит орталығы, оның ішінде 50 адамға арналған орын, спорт зал, акт зал, әкімшілік, SPA орталығы т.б орналасқан. Сонымен қатар сауықтыру бассейні және көлік тұрағы қарастырылған.

Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Дулатбай САРИЕВ:

- Қазір демалыс кешенінің іргетасы құйылып бітті. Инвесторлық жоба «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасына енгізілген. Құрылыс жұмыстары 25 пайызға жеткен кезде ол жерге Индер ауданы әкімдігі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізеді. 1 кезең бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқтау жоспарланған.   

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 наурыз 2022, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.