Атырау, 24 желтоқсан 08:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырау облысында бір тәулікте 3 адам COVID-19 жұқтырған

1 339 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 3 науқас анықталды. Барлық жағдай Атырау қаласында расталған. 

Коронавирустық инфекциясы бар 2 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 1 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 64 адам емделді.

Қазір 226 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 21 науқас ем алып жатыр. 

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

3 наурыз 2022, 09:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.