Атырау, 7 қазан 15:20
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Спорт жаңалықтары

1 312 просмотра

Шымкентте комбат джиу-джитсудан ҚР чемпионаты өтті. Турнирде атыраулық спортшылар үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.

Чемпионатта Дәулет Аманұлы (57 келіге дейін), Аслан Таширов (63 келіге дейін) және Эльмира Самиғоллаева (80 келіге дейін) финалға шықты. 92 келі салмақта «қоланы» Ғалымжан Смағұлұлы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар Азия және әлем чемпионаттарына қатысу үшін ҚР құрама командасының құрамына енді. Команданы Тыныс Бисалиев жаттықтырады.

 

* * * * *

Таразда зағип және нашар көретін спортшылар арасында голболдан ҚР Кубогы өтті. Жарысқа Алматы, Тараз, Арыс, Түркістан және Атырау қалаларының командалары қатысты.

Нәтижесінде біздің атыраулық команда үшінші орынға шықты. Бұл оның бүгінгі күнге жеткен ең жоғары жетістігі. Команданы Нұржан Қасанов жаттықтырады.

«AЖ» анықтамасы. Голбол - үш ойыншыдан тұратын команда қарсылас команданың қақпасына қоңырауы бар допты салатын спорттық ойын. Голбол 1946 жылы көзі нашар көретін Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін оңалту үшін құрылған ойын түрі. Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген.

 

* * * * *

Шымкентте 3х3 баскетболдан әртүрлі жастағы ұлдар арасында ҚР Қысқы чемпионаты өтті. Атырау облысы құрамасының қоржынында алтын және қола медаль бар.

U16 турнирінде ОРМБЖСМ-1 негізгі командасы (Макмот Темірлан, Марат Абат, Аманжан Тұрланов, Әукеш Медеу) чемпион атанды. Осы жас тобындағы қола жүлдені сол команданың екінші құрамы (Даниил Миржанов, Рахымжан Ерасыл, Бекзат Келаманов, Әнуар Манатов) жеңіп алды. «Қоланы» сондай-ақ U18 (Ахан Мұхажанов, Бекназар Идаятов, Мақсот Темірлан, Марат Аббат) және U23 (Жәңгір Балғымбаев, Ерқанат Қайрошев, Ілияс Жүнісов, Ақылбек Оралбеков) командалары да иеленді. А.Медеу турнирдің үздік ойыншысы атанды.

 

* * * * *

Теміртауда 2008 жылғы ұлдар мен қыздар арасында жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды. Атырау облысының құрамасы 6 медаль жеңіп алды.

Екі «алтынды» - 50 және 100 метр қашықтықта арқамен жүзуде Дарья Чеснокова жеңіп алды. 50 метр қашықтықта арқамен жүзуде «күміс» Богдан Кокоревке бұйырды. «Қоланы» Д.Чеснокова, Әлихан Құтлумұрат және Арман Аманбай жеңіп алды.

 

* * * * *

Нұр-Сұлтанда ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Р.Ғ. Валиевті еске алу құрметіне 2005-07 жылы туған жасөспірімдер арасында белдесуден республикалық турнир өтті.

Атыраулық қатысушылардың арасынан Жәнібек Нәренов, Ерік Азамат, Нұрғиса Бижанұлы және Болат Жүрсін жеңімпаз атанды.

 

* * * * *

Бішкекте WKF каратэ-додан жастар арасында «Bishkek Open» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 1300-ге жуық спортшы қатысты. Атырау облысының спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді жеңіп алды.

«Алтынды» Кенжебай Нұрбек (61 келіге дейін), «күмісті» - Батырғали Файзолла (57 келіге дейін), «қоланы» - Нұрберген Дамир (68 келіге дейін) және Алина Сұлтанова (54 келіге дейін) иеленді. Командалық катада Карина Крешневская, Айна Азизова және Валерия Квон қола жүлдеге ие болды.

 

* * * * *

Тбилисиде кикбоксингтен халықаралық турнир өтті. Мұнда Данияр Юсупов бастаған Атырау облысының құрамасы 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды.

Роман Зубарев, Әсет Темірбаев және Айболат Базаров турнир жеңімпаздары атанса, Аян Жанболатов пен Дастан Амантурлин күміс жүлдеге ие болды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 наурыз 2022, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.