Атырау, 24 желтоқсан 08:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырау облысында бір тәулікте 6 адам COVID-19 жұқтырған

1 572 рет қаралды

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 6 науқас анықталды. 5 жағдай Атырау қаласында расталған, 1 жағдай - Теңіз кен орнында анықталған. 

Коронавирустық инфекциясы бар 3 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделді.

Қазір 205 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 22 науқас ем алып жатыр. 

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

4 наурыз 2022, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.