Атырау, 6 желтоқсан 11:53
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Басқа жаңалықтар

Ауру малдың «қамы» Басқа жаңалықтар

Ауру малдың «қамы»

Қызылқоға ауданында малдағы бруцеллез ауруының негізгі ошағы әлі де жою мүмкін болмай тұр. Негізгі себептердің бірі -  жергілікті мал иелері малға төленетін өтемақымен келіспегендіктен ауру малды жасырып қалады. 6 наурыз 2020, 15:04 4 804 рет қаралды
Ескі қаладағы сүрілген үйлерге берілген ең үлкен өтемақы - 91 миллион Басқа жаңалықтар

Ескі қаладағы сүрілген үйлерге берілген ең үлкен өтемақы - 91 миллион

Атырауда ескі қаладағы үйлерді сүру жұмыстары жалғасуда, бұл 2017 жылдан 2029 жылға дейін 12 кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде (2017 ж. қараша - 2019 ж. тамыз) Пушкин, Жангелдин, Байтұрсынов, Тайманов және Гагарин көшелерінің шегіндегі 18,1 га алаңда 262 үй бұзылуы тиіс. Барлық меншік иелерімен дерлік өтемақы мөлшері туралы келісілген, бірақ олардың 8-і қазіргі уақытта осы сомалар үшін сотта дауласуда. 6 наурыз 2020, 11:07 4 840 рет қаралды
Атырау медицинасының "ерекше" тұстары Басқа жаңалықтар

Атырау медицинасының "ерекше" тұстары

«Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдері өткізген тексерістер кезінде облыстық денсаулық сақтау мекемелерінде өрескел бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, жаңа туған нәрестелерді өкпе аурымен ауыратын науқастармен қатар қабылдаса, жүйке жүйесі ауруымен ауыратын науқастарды матрасы салынбаған темір кереуетте ұйықтауға мәжбүрлеген. Толықтырылды 6 наурыз 2020, 00:22 3 746 рет қаралды
Жаңа әкім қаланы қоқыстан тазартпақ Басқа жаңалықтар

Жаңа әкім қаланы қоқыстан тазартпақ

50 мыңға жуық қала тұрғыны қоқыс шығарғаны үшін ақы төлейді, ал Атырау халқының саны 300 мыңға жуық. Қала билігі «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің клиенттер базасын газ қызметі мен басқа да коммуналдық қызмет базасымен «байланыстыру» арқылы көбейтпекші. 5 наурыз 2020, 17:46 3 999 рет қаралды
Күзетші тонаушыдан қорғап қалды Басқа жаңалықтар

Күзетші тонаушыдан қорғап қалды

Атырауда №3 емхананың (Привокзальный ықшам ауданы) қақпасы алдында әлдебір тонаушы жас қыздың сөмкесін тартып алған. Емхана күзетшісі дер кезінде оған көмекке келді. Әлеуметтік желілерге тарап кеткен бейнежазбаға сүйенсек, ашу қысқан қылмыскер сөмкені қызға бере салып, күзетшіге тап беріп, жұдырығын ала жүгіреді. Бейнежазба 5 наурыз 2020, 17:04 4 020 рет қаралды
Атыраудағы «Сергек»: айыппұл наурыздан бастап салынады Басқа жаңалықтар

Атыраудағы «Сергек»: айыппұл наурыздан бастап салынады

Наурыздан бастап Атырауда жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге «ақылды» «Сергек» жүйесінің көмегімен айыппұл салына бастайды. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне Қазақстанда «Сергек» жүйесін орнатумен айналысатын «Көркем-Телеком» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады. Алайда аппараттық-бағдарламалық кешеннің бірінші кезегінің іске қосылатын нақты күнін атамады. 5 наурыз 2020, 16:58 6 072 рет қаралды
"Маска тағу міндетті емес" Басқа жаңалықтар

"Маска тағу міндетті емес"

Атырау дәріханаларында 8400 медициналық демперде бар, оның жетіспеуіне байланысты 15 наурызға дейін тағы 100 000 данасы жеткізілуі тиіс. Бұл туралы коронавирусқа қатысты ахуал бойынша өткізілген брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ мәлімдеді. 4 наурыз 2020, 16:47 5 016 рет қаралды
Демперде жоқ, бірақ сабыр сақтаңыздар! Басқа жаңалықтар

Демперде жоқ, бірақ сабыр сақтаңыздар!

Әлемде COVID-19 коронавирусының жаппай таралуына байланысты Қазақстанда алдын алу шаралары жүргізілуде. 2 наурыздан бастап Атырауда мектеп директорларына қалалық білім бөлімі коронавирус тақырыбына сынып сағаттарын өткізу, ақпарат бұрыштарын ұйымдастыру, зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету және оқушылар мен мұғалімдерге медициналық демперде тағу жөніндегі хабарламасын таратты. Бұл хабарлама 27 ақпандағы ҚР Ғылым және білім министрлігінің хатын негізге алып жазылды. 3 наурыз 2020, 17:18 4 179 рет қаралды
Атырауда құрылыс салушы екі компания «қара тізімге» ілінді Басқа жаңалықтар

Атырауда құрылыс салушы екі компания «қара тізімге» ілінді

Ақпан айының соңында Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті билік органдарының ресми рұқсатынсыз жылжымайтын мүлікті сататын компаниялардың «қара тізімін» жаңартты. Қара тізімде Атырау қаласында элиталық 4 үй салып жатқан екі ЖШС де бар. 3 наурыз 2020, 16:40 6 777 рет қаралды
Атыраулық бала түрік әкесімен қайта қауышты Басқа жаңалықтар

Атыраулық бала түрік әкесімен қайта қауышты

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Түркия азаматына Қазақстандағы 10 жасар ұлына 7 жылдан кейін әкелік құқығы қайтадан берілді. Осы хикаяға толығырақ тоқталып өтейік. 3 наурыз 2020, 15:18 4 133 рет қаралды
«Аймұрзиева өз кінәсіне лайықты жаза алды» Басқа жаңалықтар

«Аймұрзиева өз кінәсіне лайықты жаза алды»

28 ақпанда Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАҒА 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған үкім жарияланғаннан кейін әлеуметтік желілерде «Неге оңай жазамен құтылды?» деген сұрақтар туындай бастады. «АЖ» тілшісі осыған орай Атырау қалалық №2 сотының төрағасы Мейрамбек НАҒАШЫБАЕВҚА хабарласқан болатын. 3 наурыз 2020, 14:33 4 582 рет қаралды
Үйде піскен тамақтың қоспасы көп Басқа жаңалықтар

Үйде піскен тамақтың қоспасы көп

Асқан ет, қазы-қарта, кәмпит пен печенье, манты мен палау, шоколад пен газдалған сусындар – бұл той дастарханына қойылатын тамақтардың тізімі емес, Атырау тергеу изоляторына (УГ-157/1 мекемесі) тергеуде отырғандардың туыстары күн сайын алып келетін сәлем-сауқат. «АЖ» тілшісі бір күнін тергеу изоляторының қабылдау бөлімінде өткізді. Сурет 3 наурыз 2020, 10:00 6 011 рет қаралды
Балық инспекторы балықпен ұсталды Басқа жаңалықтар

Балық инспекторы балықпен ұсталды

Ақпанда ҰҚКД қызметкерлері Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторын ұстады. Облыстық прокуратура хабарлағандай, оның қызметтік көлігінен бекіре тұқымдас және қара балық табылған.   2 наурыз 2020, 16:48 5 369 рет қаралды
Қалқыма су бұрқақ болмауы мүмкін Басқа жаңалықтар

Қалқыма су бұрқақ болмауы мүмкін

Атырау облыстық әкімдік ғимаратының жапсарма құрылысының жобалық сметасына қайта түзету енгізіледі. Атап айтсақ, 6 қабатты деп жобаланған ғимарат енді 8 қабатты болмақ. Бұл туралы брифингте Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВ мәлімдеді. 2 наурыз 2020, 14:07 5 467 рет қаралды
Жайықтан бір жарым центнер тартатын қортпа ауланды Басқа жаңалықтар

Жайықтан бір жарым центнер тартатын қортпа ауланды

1 наурызда кеште Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытының қызметкерлері Жайық өзенінен салмағы 148 келі, ұзындығы 2,2 метр болатын уылдырықты қортпа мен 4 бекіре аталығын ұстады. Бейнежазба 2 наурыз 2020, 13:03 3 823 рет қаралды
Атырауда әкімдік алдындағы алаңда белсенділерді ұстады. «Армяндық» жүргізушілер де жүр Басқа жаңалықтар

Атырауда әкімдік алдындағы алаңда белсенділерді ұстады. «Армяндық» жүргізушілер де жүр

Бүгін, 1 наурызда, Атырауда облыстық әкімдік ғимараты алдына келген бірнеше адам ұсталды. Олардың қатарында құқыққорғаушы Әсел НҰРҒАЗИЕВА, азаматтық белсенділер Зинат ОРЫНБАСАРОВА, Қасым ҚОЖАНТАЕВ, Серік ӨТЕПҚАЛИЕВ, және Басыр ДАУЫЛБАЕВ бар. Ал құқыққорғаушы Дарья ОЛЖАҒАЛИЕВАНЫ үйінің алдынан алып кеткен. Толықтырылды Сурет 1 наурыз 2020, 23:58 5 095 рет қаралды
Бізді бес жыл бойы заңсыз ажыратып келді Басқа жаңалықтар

Бізді бес жыл бойы заңсыз ажыратып келді

1 теңге бережақ  үшін электр энергиясын жеткізуді тоқтатады делінген  «Электр энергиясын пайдалану қағидаларындағы» түзетулер күшіне енгеннен кейін қазақстандықтар қарапайым халыққа неге осылай қарайды деп наразылық білдіре бастады. Оған қоса қайта жалғау үшін жеке тұлғалардың ішінде пәтер тұрғындары 6730 теңге, ал жеке тұрғын үй секторының тұрғындары 10115 теңге төлеу қажет.  Осыған байланысты «АЖ» әдейі ҚР вице-министрі Қайрат РАХИМОВҚА жолыққан еді. Анығында барлығы бұрыннан бар қағида, өзгергені - қарыз туралы хабарлама жіберу тәсілдері ғана. Толығырақ төменде. 1 наурыз 2020, 22:44 3 325 рет қаралды
...Олардың тоғызы ғана қалды Басқа жаңалықтар

...Олардың тоғызы ғана қалды

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері 300 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек және бағалы сыйлықтар алады. Қазір біздің облысымызда олардың тек 9-ы ғана қалды. 8 Атырау қаласында, 1 Құлсарыда тұрады. 29 ақпан 2020, 12:10 4 682 рет қаралды