Бүгін, 28 наурызда, сағат 11.50-де 103 пультіне шақырту түсті. «Дина» базарында бір адам өзін нашар сезініп, есінен танып құлаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем тобы келіп, тиісті көмек көрсетілгеннен кейін науқас кардиологиялық орталыққа жеткізілген. Бейнежазбаны көрген әлеуметтік желі қолданушыларында «бұл коронавирусқа қатысты емес пе екен?» деген сұрақ туындады.
- Оған еш қатысы жоқ, - деді денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Аслан ЖЕҢІСҰЛЫ. – Ол адамның жүрегі сыр берген.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба