Атырау, 16 сәуір 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Коронавирус: аудандағы жағдай

Сурет Бейнежазба
4 700 просмотра


«АЖ» тілшісі коронавирус індеті кезінде Индер ауданындағы жағдайды саралап шықты.

Жергілікті әкімдік бюджет қызметкрлерінің 70 пайызы онлайн тәртібімен жұмыс жасауда деп хабарлады. Есесіне көшеде, сауда орындарында жүрген халық көп. Бетпердесіз жүргендері жетерлік. Халық әлі жағдайдың қауіпті екенін жете сезінбеген сияқты.


Алдымен жергілікті дәріханаларды аралап шыққанмын. Жұрттың сұранысына ие бетперде аудандағы 13 дәріхананың бірде-біреуінде жоқ. Фармацевттердің айтуынша,  ақпан айынан бері келмеген.

-Антисептик, медициналық қолғаптар сатылымда жоқ. Этил спирті, глицерин, сутек пероксиді де таусылып тұр. Ал оны сұратып жатқандар көп. Біз Атыраудан алатын едік, тапсырыс бергенімізбен, ала алмай отырмыз,- дейді фармацевт Қадырғали УАНОВ.

Аудан бойынша сегіз кәсіпкер бетперде тігуде. 5 мыңға жуық бетперде тігіліп, сатылымға шығарылған.  Ал 700-ге жуық бетперде мүгедек, көп балалы аналарға тегін таратылды. Бірақ ол да аз.

«Талап» базарындағы сатушы Үрдария САДЫҚОВА 200-ге жуық бетперде 200 теңгеден сатылымда екенін айта келе, былай деді:

-Күніне 5-6 данадан ғана өтіп тұр. Бұл дәріханадағыдай емес, жуып-тазалап қайта пайдалануға болады. Біз үйден тігіп сатып отырмыз.

Азық-түлік бағасын саралап шықтық. Көтерме «Қалқаман» дүкенінде адамдар көп. Сатушы көтерме сауда емес, тауардың тапшылығына орай екі, үш данадан артық босатпайды. 50 кг жоғары сортты астық 9000, бірінші сорттысы 8500, қарақұмықтың бір келесі  400 теңге, күріш - 320, қант - 250,  күнбағыс майының 1 литрі  400 теңге, тауық еті - 800, сүт - 280, айран - 380-400, сары май - 500, жұмыртқаның бір данасы - 30, тұз - 50, сүзбе - 560 теңге. Бұл дүкенде картоп, сәбіз, жуа болмады.

«Талап» базарындағы баға көтерме сауда дүкенінен жоғары, астық 200-300 теңгеге, ал басқа тағам түрлері 20-30 теңгеге қымбат. Нан 120-150 теңгеден сатылуда. Бірақ аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бастығы Сәулет ЕСЕТОВТЫҢ айтуынша, «Дәулет-нанды» 85 теңгеден сатып алуға болады.  


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор          

28 наурыз 2020, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.