Атырау, 22 қараша 22:14
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

2400 маска тәркіленді

3 656 просмотра


ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті Атырауда медициналық маскалар мен антисептикалық құралдарды заңсыз сату фактілерін анықтады. 2400 маска мен 49 литр антисептик тәркіленді.

- Олардың тиісті құжаттары болған жоқ. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамасына сәйкес, тәркіленген медициналық бұйымдар облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді, - деп хабарлады «АЖ»-ға Атырау облыстық экономикалық тергеу департаменті. - Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабымен (заңсыз кәсіпкерлік қызмет) қылмыстық іс қозғалды.

Жақында бір миллион дана көлемінде тәркіленген медициналық маскалардың тағдырына келетін болсақ, департамент өкілі іс бойынша тергеудің әлі аяқталмағанын айтып, бұл сұраққа жауап бермеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

28 наурыз 2020, 23:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.