Бесінші науқас қалалық №3 емхананың қызметкері, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Медбикенің 17 наурыз күні "Алматы-Атырау" рейсімен келген қыз баладан қан сынамасын алғандығы белгілі болды. Бүгін жергілікті тұрғынның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.
Қазіргі таңда коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам белгілі болды. Олардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылды.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасына сәйкес, қалалық №3 емхана 30 наурыз, дүйсенбіден бастап қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшеді. Медициналық мекемеге жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілмек.