Атырау, 23 маусым 19:51
 дождьВ Атырау +30
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

Қазақстанда

Журналист Бигелді Ғабдуллинді қамаудан босатпады Қазақстанда

Журналист Бигелді Ғабдуллинді қамаудан босатпады

Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz порталының шығарушысы Бигелді Ғабдуллин қамауда қалды. Сот Ғабдуллиннің адвокаттары Мұхамедияров пен Сармановтың оны қамаудан үйқамаққа шығару туралы шағымын қанағаттандырмады,- деп хабарлады Азаттық. 29 қараша 2016, 12:10 1 467 рет қаралды
Қазақстанда жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы әзірленеді Қазақстанда

Қазақстанда жұмыспен қамтудың жаңа бағдарламасы әзірленеді

Бақытжан Сағынтаевтың Министрлер кабинеті Қазақстанда жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тартудың жаңа тетіктерін қарастыруда, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 29 қараша 2016, 11:46 2 254 рет қаралды
Арыстанбек Мұxамедиұлы Facebook парақшасын жабудың себебін айтты   Қазақстанда

Арыстанбек Мұxамедиұлы Facebook парақшасын жабудың себебін айтты

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы жақында ғана ашқан Facebook парақшасын жабудың себебін айтты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен. 29 қараша 2016, 11:41 2 279 рет қаралды
Қарағанды соты мұғалім Юрий Пактің үкімін өзгертпеді Қазақстанда

Қарағанды соты мұғалім Юрий Пактің үкімін өзгертпеді

Қарағандыда физика пәнінің мұғалімі, "жалған терроризм" айыбымен екі жылға сотталған Юрий Пактің үкімі өзгертілмеді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот Пактің үкімге берген апелляциялық шағымын қанағаттандырмады,- деп хабарлады Азаттық. 29 қараша 2016, 10:16 1 646 рет қаралды
Президент тұрғын үй құрылысы бағдарламасын кері қайтарды   Қазақстанда

Президент тұрғын үй құрылысы бағдарламасын кері қайтарды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын қайта пысықтауды тапсырды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 29 қараша 2016, 10:07 2 096 рет қаралды
Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты Қазақстанда

Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты

Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ аудандық сотында бүгін тұрғын Жібек Мусинованы топ болып зорлау ісіне қатысты сот үкімі жарияланды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Сот бұл іске қатысты төрт адамды қылмыстық кодекстің "Адам зорлау", "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "Адам ұрлау" және "Бұзақылық" баптары бойынша айыпты деп тапты. Айыпталушылар Асхат Бектұрсын - 10 жыл, Елтай Нұрбол - 9 жыл, Алмас Ермеков - 9 жыл алты ай, Ербол Ермеков 8 жылға сотталды. Сот іс материалы бойынша салонында зорлық қылмысы іске асты делінген көлікті тәркілеуге қаулы шығарды,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 16:20 3 140 рет қаралды
Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi  Қазақстанда

Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi

Астана атауын өзгертуге қатысты әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сыни пiкiрлер Мәжiлiс депутаты Қуаныш Сұлтановтың көңiлiне тиедi екен. Оның айтуынша, ұсыныс-пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды, деп xабарлайды Baq.kz. 28 қараша 2016, 14:29 2 337 рет қаралды
Алматыда БАҚ туралы заңға өзгерістерді талқылады Қазақстанда

Алматыда БАҚ туралы заңға өзгерістерді талқылады

Алматыда бүгін ақпарат және коммуникация мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау басталды. Тыңдау "Әділсөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының бастамасымен өтіп жатыр. Жиынға ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілі Бекзат Рахымов қатысып жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 14:12 2 708 рет қаралды
Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды «Жер митингілері» туралы іс

Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды

28 қарашада Атырауда «жер митингісі» туралы іс бойынша сот процесінде Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты үкім жарияланды. Олардың екеуі де 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сурет Бейнежазба 28 қараша 2016, 11:07 11 787 рет қаралды
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды Қазақстанда

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

"Қайрат" пен КСРО құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сейілда Байшақов ҚФФ кезектен тыс XIV конференциясында Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 28 қараша 2016, 12:09 2 235 рет қаралды
Елбасы: Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны тарихи тұлға ретінде есінде сақтайды Қазақстанда

Елбасы: Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны тарихи тұлға ретінде есінде сақтайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Модесто Кастро Русқа көңіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 28 қараша 2016, 09:45 2 054 рет қаралды
Елбасы: «Астана - бұл бренд. Елорданың атын ауыстыру қажет емес» Қазақстанда

Елбасы: «Астана - бұл бренд. Елорданың атын ауыстыру қажет емес»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Астананың атауын ауыстыруға байланысты пікірін айтып өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бейнежазба 25 қараша 2016, 15:31 6 157 рет қаралды
Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері отставкаға кетті Қазақстанда

Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері отставкаға кетті

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни отставкаға кетті. Бұл туралы бүгін, 25 қарашада Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 25 қараша 2016, 14:30 2 673 рет қаралды
Назарбаев: Мен көп уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқаным үшін сын естимін  Қазақстанда

Назарбаев: Мен көп уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқаным үшін сын естимін

Нұрсұлтан Назарбаев өз жұмысының тиімділігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақорданың баспасөз қызметі Facebook желісінде Қазақстан Президентінің Bloomberg News агенттігіне берген сұхбатының үзіндісін жариялады. Бейнежазба 25 қараша 2016, 10:41 3 539 рет қаралды
Алматыдан 271 км аймақта 4,5 балдық жер сілкінісі қайталанды   Қазақстанда

Алматыдан 271 км аймақта 4,5 балдық жер сілкінісі қайталанды

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» 2016 жылдың 25 қарашасы күні Алматы уақыты бойынша сағат 08-55-тер шамасында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 25 қараша 2016, 10:12 1 840 рет қаралды
Ақтөбе тұрғынын лаңкестердің қатарына қосқан қостанайлық полицейлер болып шықты Қазақстанда

Ақтөбе тұрғынын лаңкестердің қатарына қосқан қостанайлық полицейлер болып шықты

Ақтөбеде болған лаңкестік оқиға кезінде ізеуде жүрген күдіктілердің тізімін қостанайлық тәртіп сақшысы әлеуметтік желі арқылы жайып жіберген. Құпия құжатты суретке түсіріп, WhatsApp месенджерімен жолдаған. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады. 25 қараша 2016, 10:03 1 751 рет қаралды
Дуванов "жеке басқа табынуға" қарсы акция өткізді Қазақстанда

Дуванов "жеке басқа табынуға" қарсы акция өткізді

Бүгін Алматы қаласындағы Республика алаңында тәуелсіз журналист Сергей Дуванов жалғыз адамдық наразылық акциясын өткізді. Сергей Дуванов көтерген плакатта «Нет культу личности в Казахстане» («Қазақстанда жеке басқа табынуға жол жоқ») деп жазылған,- деп хабарлады Азаттық. 24 қараша 2016, 16:57 1 830 рет қаралды
ХОК шешіміне қарсы шыққаннан пайда жоқ – МСМ  Қазақстанда

ХОК шешіміне қарсы шыққаннан пайда жоқ – МСМ

Халықаралық Олимпиада комитеті төрт бірдей қазақстандық ауыр атлетті 2012 жылғы Олимпиада ойындарындағы алтын жүлделерінен айырған болатын. Тіпті, аталған комитет Илья Ильиннен 2008 жылғы Пекин Олимпиадасының алтынан да қайтарып алды. Оған қатысты соңғы шешім кеше шыққан еді. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков Олимпиада жүлдегерлерінің төңірегіндегі дауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 24 қараша 2016, 15:23 2 068 рет қаралды