Атырау, 28 сәуір 15:29
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​2018 жылы дінтану оқу бағдарламасына енуі мүмкін

1 903 просмотра


Осы оқу жылының ортасында мектеп бағдарламасына дінтану сабағы енуі мүмкін. 

Бұл туралы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев үкіметте өткен баспасөз конференциясы барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Білім және ғылым министрлігімен біріге отырып жаңа оқулықты шығарумен айналысып жатырмыз. Оқулыққа әлі атау қойған жоқпыз. Бірақ бұл сабақ мектеп бағдарламасына қосылады. Оқулық әлем діндері, зайырлы мемлекеттің дінге деген көзқарасы жайлы ғылыми контентті қамтиды. (...) Ккелесі жылдан қалмай, мүмкін осы оқу жылының ортасында оқулығымыз жарық көреді", - деді министр. Сондай-ақ, оның айтуынша, батыстағы облыстардың бірінде, Жамбыл, Қызылорда облыстарында және ШҚО-да дінтану мамандығын енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. "Бұл деструктив ағымдардың таралып кету қаупі бар өңірлерде қажетті дін мамандарын даярлауға мүмкін береді", - деді Ермекбаев. Министрдің айтуынша, радикал көзқарастарды ұстанатын адамдарға аса назар аударылып жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 тамыз 2017, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.