
Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласындағы негізгі көпірдің құрылысы қайта жанданып, қазір қарқынды жүргізілуде. Мердігер мекеме стратегиялық маңызы бар бұл көлік өткелін биылғы жылдың соңына дейін толық аяқтап, тапсыруды жоспарлап отыр.
Қазір құрылысшылар көпірдің негізгі бөлігін жалғап, монолиттік жұмыстарды атқарып жатыр. Бекітілген кестеге сәйкес, алдағы уақытта арматура төселіп, бетон құю жұмыстары жүргізіледі. Соңғы кезеңде жолға асфальт төселіп, жарық шамдары орнатылады. Сондай-ақ тұрғындар қауіпсіздігі үшін жаяу жүргіншілерге арналған арнайы өткел қарастырылған.
Аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, бұл нысан қайта қалпына келтірілген соң қала ішіндегі көлік қозғалысы реттеліп, тұрғындардың қатынауы айтарлықтай жеңілдейді. Сонымен бірге орталық өткелдің ашылуы айналадағы кәсіпкерлік нысандардың жұмысына да оң ықпал етпек.
В Атырау +6.2