Атырау, 28 наурыз 21:10
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Әлем чемпионаты: Қазақстанның 6 боксшысы жартылай финалға өтті

1 564 просмотра


Германияның Гамбург қаласында әуесқойлар арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстанның алты боксшысы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлем чемпионатының кешкі сессиясында ширек финалға шыққан қазақстандық боксшылардың  арасында соңғы болып 91 келі салмақ санатындағы Қамшыбек Қоңқабаев өнер көрсетті. Ол өзбек боксшысы Бахадыр Жалоловпен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Осылайша Қазақстанның 6 боксшысы жартылай финалға жолдама алды. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 69 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов венесуэлалық Габриэль Маэстро Пересті жеңді. Оның жартылай финалдағы қарсыласы - өзбекстандық Шахрам Гиясов. Василий Левит болса австралиялық  Джэйсон Уайтлимен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Енді жартылай финалда Василий 27 жастағы Куба спортшысы Эрисланди Савонмен кездеседі. Савон Дохада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Рио Олимпиадасының қола медаль иегері. Левит пен Савонның жекпе-жегі 31 тамыз күні өтеді. Ал Әбілxан Аманқұл 75 келі салмақ санатында рингке көтеріліп, Рио Олимпиадасының чемпионы кубалық Арлен Лопесті ұтқан болатын. 31 тамыз күні ол әзербайжандық Камран Шахсуварұлымен кездеседі. Қайрат Ералиев (56 келі) ширек финалда неміс боксшысы Ел-Хаг Омармен кездесіп, оны жергілікті жанкүйерлер алдында жерге қаратты. Қайрат енді 31 тамыз күні өтетін 1/2 сайысында ағылшын боксшысы Питер Мак Грейлмен қолғап түйістіреді. Ал оның алдында 49 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан боксшымыз Жомарт Ержан екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Василий Егоровті жеңген еді. Оның жартылай финалдағы қарсыласы - Куба боксшысы Иоаннес Аргильягос.  

Дереккөз: inform.kz

30 тамыз 2017, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.