Атырау, 22 желтоқсан 17:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Димаштың америкалық жанкүйері әншінің отанына мұхит асып келді

2 162 рет қаралды


АҚШ тұрғыны өз сүйікті әншісінің туған жерін көру үшін Астанаға келді, деп хабарлайды astanaexpo.tv. Патрис Груллион Лос-Анжелестен келген. 

Оның айтуынша, Димаш әр концертінің соңында: «Қазақстанға қош келдіңіздер!» дейді және белгілі әншінің бұл  сөздері жанкүйерінің Қазақстанға келуіне шешім қабылдатқан. Ол Қазақстанда үш ай болмақшы. Осы уақыт аралығында қазақ тілін меңгеріп, еліміздің мәдениеті және салт-дәстүрімен танысуды жоспарлап отыр.  Димаштың жанкүйері ол оқитын университетте болып та үлгерген. Енді Алматыдағы оның концерті мен сүйікті әншісінің туып-өскен жерін көру үшін Ақтөбе қаласына аттанады. Патрис бұған дейін ешбір жанкүйерлер клубына мүше болып көрмегендігін айтты. Қазір ол «Димаш USA» және Лос-Анжелестегі «Димаш Құдайберген» фан-клубтарының мүшесі. «Мен қазақстандықтардың Димаштың әлемге қалай әсер еткенін түсінгенін қалаймын. Ол әртүрлі мәдениеттер мен елдерді, әртүрлі жастағы және түрлі деңгейдегі  адамдарды байланыстырды. Біз барлығымыз туысқандар сияқты араласып кеттік», - дейді Патрис. 

Дереккөз: inform.kz

29 тамыз 2017, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.