Атырау, 22 желтоқсан 11:08
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Air Astana ұшағы Түркиядан ұшып шыға алмады

2 544 рет қаралды


Air Astana ұшағы Анталья әуежайынан техникалық ақауға байланысты ұша алмады, деп хабарлады ҚР Инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

"26 тамызда Air Astana  әуе компаниясының Анталия — Астана рейсі Boing 757 ұшағының техникалық ақауына байланысты орындалмады. Бастапқы мәлімет бойынша, ұшақ 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша 13:00-де ұшады", — деп атап өтті комитет.

Әуе тасымалдаушысының мәліметіне сүйенсек, жүз отыз сегіз жолаушы Sera Hotel қонақ үйіне орналастырылған, оларға тамақ берілді.

Кейінірек әуе компанияның баспасөз хатшысы хабар бергендей, жолаушылар саны — 143 адам, оларға басқа ұшақ жөнелтілді. Рейстің ұшу мерзімі — 27 тамыз, жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00.

Дереккөз: sputniknews.kz

27 тамыз 2017, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.