Атырау, 28 сәуір 03:30
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бір күнде екі жүлде: Димаш Құдайберген тағы да марапатталды

1 281 просмотра


Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жүлде алудан өз рекордын жаңартты. Бұған дейін ол бір аптада екі рет марапатталса, бұл жолы жас әнші бір күнде екі рет жеңіске қол жеткізіп, жанкүйерлерін қуантып тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Баршаларыңызға рахмет. Бүгін мен "ASIA NEW SONG" халыкаралық фестивалінде жеңімпаз атандым. Сіздерді қатты жақсы көремін, Dears", - деп жазды ол.

Одан кейінгі қуанышпен әншінің досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов бөлісті.

"Бір күнде кім екі жерден марапат алды?! Бұның өзі бір тариx!!! Бірінші марапат "Астана дауысы"-ның жүлдесі, екіншісі, "Asian New music" фестивалінің марапаты! Әр біреуі бір төбе - олжа! Жан досымды, осынау жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбек! Еңбек түбі - бәрін де жеңбек!!! Құтты болсын, жанкүйерлер!!! Тойлаңыздар!!!

Ерлан Бекчурин бауырымды да құттықтаймын!!! Бүгін Димаштың өзі келе алмағандықтан марапаттың бірін алу бақыты Димаш үшін күні-түні еңбек етуге бар, креативті саунд продюсер Ерланға бұйырды!", - деп жазды ол өз парақшасында.

Дереккөз: nur.kz

28 тамыз 2017, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.