Атырау, 22 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандықтар Конституция күнін тойлауда

2 184 рет қаралды

Бүгін Қазақстанда Конституцияның 22-ші туған күні тойлатылуда. Еліміздің бас заңы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Бұған дейін Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтіп, Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді.

Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді.

Парламент туралы Конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. 1995 жылы желтоқсанда екі палаталы парламентке сайлау өткізілді.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтардың осы апта төрт күн бойы демалатыны хабарланған болатын.

Дереккөз: nur.kz

30 тамыз 2017, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


Комментарий беру ажыратылған