Атырау, 16 сәуір 09:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Америкалық доллар бір жарым теңгеге өсті

1 460 просмотра


2017 жылдың 31 тамызында Қазақстан қор биржасының таңертеңгі сессиясында орташа доллар бағамы 336,18 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.  

Өткен сессиямен салыстырғанда (334,49/$1) ұлттық валюта долларға шаққанда 1,69 теңгеге арзандады. Таңертеңгі сессияда АҚШ долларының саудасында ең төменгі бағам АҚШ долларына шаққанда 335,42 теңгені, ал ең жоғары бағам - 336,97 теңгені құрады. Доллар бойынша сауда көлемі 119 млн 550 мың долларға жетті. 

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің пайымдауынша, 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы төлем баллансы көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруы қазақстандық экспорт түрлерінің әлемдік бағалары тұрақты болып тұрса, бағам саясатының тәуекелдерін азайтады.

Дереккөз: ҚазАқпарат


31 тамыз 2017, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.