Атырау, 22 желтоқсан 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың тізімі жарияланды

2 346 рет қаралды

Фото: РИА Новости

"Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметіндегілер қаза тапқандар туралы мәлімет берді:  

1. Ахметжанов Рустам Ренатұлы, 23.03.1983 жылы туған, үйленген, 3 баласы бар. 2. Руденко Валерий Валентинович, 18.05.1980 жылы туған, үйленген, 2 баласы бар. 3. Шебанов Максим Сергеевич, 24.05.1986 гжылы туған, үйленген, 1 баласы бар. 

"2017 жылдың 31 тамызында сағат 4:21-де Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ "Казахстанская" шахтасындағы 332 Д6-з № 1 вентиляциялық түйілісінде кенеттен көмір мен газ атқылады. Оқиға кезінде шахтада 136 адам болған, олардың үшеуі апаттық өндіруде болған. 5:35-те щахта жұмысшылары тіршілік белгілерінсіз үш ер адамның мәйітін тапты", - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігіне қарасты Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік Комитетінің "Кәсіби әскерилендірілген апат-құтқару қызметі" РМК-нің 60 адамы мен 9 дана техникасы бар 7 бөлімшесі жұмысқа тартылғаны айтылады.  

7:00-де қаза тапқандардың денесін жер бетіне алып шығу жұмыстары жүргізілген. 7:05-те шахтаның барлық 130 адамы жоғары шығарылған, қалған апат-құтқару жұмыстарын жүргізген үш адам қалған.

Дереккөз: Tengrinews.kz


31 тамыз 2017, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.