Атырау, 23 маусым 19:15
 дождьВ Атырау +30
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

Қазақстанда

СҚО: Сот "Ресейге қосылуды жақтаған" адамға үкім шығарды Қазақстанда

СҚО: Сот "Ресейге қосылуды жақтаған" адамға үкім шығарды

Петропавл қаласында сот Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынын "әлеуметтік желілерде ұлтаралық алауыздықты өршітті және Ресейге қосылуға шақырды" деген айыппен бес жарым жылға соттады деп хабарлады Азаттық жергілікті агенттіктерге сілтеме жасап. 5 желтоқсан 2016, 14:42 2 702 рет қаралды
Сейтқазы Матаев рақымшылыққа үміт артпайды және барлық сот сатысынан өтуге ниетті Қазақстанда

Сейтқазы Матаев рақымшылыққа үміт артпайды және барлық сот сатысынан өтуге ниетті

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев рақымшылққа үміт артпайды және барлық сот сатысынан өтуге ниетті, деп хабарлады агенттік тілшісі. 5 желтоқсан 2016, 14:01 1 765 рет қаралды
«Қазақстан» корпорациясына жылына бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді  Қазақстанда

«Қазақстан» корпорациясына жылына бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына келесі жылға мемлекеттен 18 миллиард теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін «Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекелестігі және дамуы мәселелері туралы» өткен Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. 5 желтоқсан 2016, 12:02 3 393 рет қаралды
Мемлекеттік қызметкерлерге жұма намазына баруға рұқсат бар ма? Қазақстанда

Мемлекеттік қызметкерлерге жұма намазына баруға рұқсат бар ма?

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мемлекеттік қызметкерлердің діни ұстанымына қатысты түсініктеме берді. Сондай-ақ ол "Мемлекеттік қызметкерлер жұма намазына қатыса ала ма?" деген сұраққа жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 5 желтоқсан 2016, 11:47 3 037 рет қаралды
Астана қалалық сотында Матаевтардың ісі бойынша аппеляциялық комиссияның отырысы басталды Қазақстанда

Астана қалалық сотында Матаевтардың ісі бойынша аппеляциялық комиссияның отырысы басталды

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Астана қалалық сотында Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтың ісі бойынша аппеляциялық комиссияның отырысы басталды. 5 желтоқсан 2016, 09:42 2 597 рет қаралды
Қазақстанның әскери қызметшілері ШЫҰ елдері бөлімшелерінің бірлескен жаттығуына қатысып жатыр  Қазақстанда

Қазақстанның әскери қызметшілері ШЫҰ елдері бөлімшелерінің бірлескен жаттығуына қатысып жатыр

Қытайдағы Корла қаласы оқу-жаттығу базасының спорт кешенінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде әскери қызметшілердің бірлескен таулы-атқыш жаттығуы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 2 желтоқсан 2016, 16:09 2 179 рет қаралды
Прокуратура: Араздық тудыру және заңсыз митинг айыбымен сотталғандарға рақымшылық жоқ Қазақстанда

Прокуратура: Араздық тудыру және заңсыз митинг айыбымен сотталғандарға рақымшылық жоқ

Қазақстанда "араздық тудыру", "заңсыз митинг ұйымдастыру" және "жалған терроризм" айыптарымен сотталғандар рақымшылыққа іліге алмайды деп мәлімдеді бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель. Бұл туралы ол бүгін парламент мәжілісінде президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасын таныстырудан соң журналистер сұрағына жауап бергенде айтты,- деп хабарлады Азаттық. 2 желтоқсан 2016, 14:39 2 870 рет қаралды
Қазақстанда 30 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін Қазақстанда

Қазақстанда 30 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін

Астана. 2 желтоқсан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 30 мыңға жуық адам рақымшылыққа ілігуі мүмкін, деп хабарлады ҚР бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель. 2 желтоқсан 2016, 11:52 2 005 рет қаралды
Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл қаласының тұрғыны сотталып жатыр Қазақстанда

Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл қаласының тұрғыны сотталып жатыр

Еліміздің солтүстігінде "Қазақстанның қалалары мен көше атауларын қазақшаға өзгертетін болса референдум өткіземіз" деп бастама көтерген азамат сотталып жатыр. Қазақ атауларына қарсы шыққан 37 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Ұлтаралық және дінаралық араздық тудыртып, сепаратистік бастамалар көтергені үшін енді ол заң алдында жауап беретін болады,- деп хабарлады 31 арна. Бейнежазба 2 желтоқсан 2016, 11:39 2 386 рет қаралды
И.Тасмағамбетов - Біз осы күнге дейін қазақ тілі өзге емес, өзімізге керек екенін түсінбей келеміз  Қазақстанда

И.Тасмағамбетов - Біз осы күнге дейін қазақ тілі өзге емес, өзімізге керек екенін түсінбей келеміз

Астанада өткен Республикалық жастар Форумының пленарлық отырысында жастар ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтен еліміздегі үш тұғырлы тіл саясатына қатысты пікірін сұрады,- деп хабарлады Baq.kz. 2 желтоқсан 2016, 11:09 2 241 рет қаралды
Головкин Қазақстандағы жекпе-жегін мамыр айында өткізуі мүмкін Қазақстанда

Головкин Қазақстандағы жекпе-жегін мамыр айында өткізуі мүмкін

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 2017 жылдың мамыр айында Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі UCN Live-ке сілтеме жасап. 2 желтоқсан 2016, 10:51 1 741 рет қаралды
Алматыда көлік астына секірген жаяу жүргіншілердің бірі ұсталды   Қазақстанда

Алматыда көлік астына секірген жаяу жүргіншілердің бірі ұсталды

Алматы полициясы Каблукова көшесінде көлік жүргізушісін арандатпақ болған жаяу жүргіншіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бейнежазба 2 желтоқсан 2016, 10:21 1 945 рет қаралды
Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі әуеде жанып кетті Қазақстанда

Байқоңырдан ұшырылған ғарыш кемесі әуеде жанып кетті

Роскосмостың мәліметінше, Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылған ғарышкері жоқ "Прогресс МС-04" жүк кемесі ауада жанып кетті. "Прогресс МС-04"-пен және оны тіркеп ұшқан "Союз-У" зымыран тасығышымен байланыс кеме 1 желтоқсанда ұшырылғаннан соң алты минут 23 секундтан кейін жоғалған. Байланыс қозғалтқыштың үшінші сатысы қосылғанда үзіліп, кеме орбитаға шыға алмаған,- деп хабарлады Азаттық. 2 желтоқсан 2016, 10:04 2 914 рет қаралды
«Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды   Қазақстанда

«Еуразия барысы»: Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды

Алматыда 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 2 желтоқсан 2016, 09:53 2 543 рет қаралды
АҚШ Қазақстанды қоғам белсенділері Макс Бокаев және Талғат Аянның үкімін қайта қарауға шақырып отыр Қазақстанда

АҚШ Қазақстанды қоғам белсенділері Макс Бокаев және Талғат Аянның үкімін қайта қарауға шақырып отыр

Алматы. 30 қараша. ҚазТАГ – АҚШ Қазақстанды қоғам белсенділері Макс Бокаев және Талғат Аянның үкімін қайта қарауға шақырып отыр. 30 қараша 2016, 17:07 1 972 рет қаралды
Мәжіліс саусақ ізін тапсыруды міндеттейтін заң жобасын мақұлдады  Қазақстанда

Мәжіліс саусақ ізін тапсыруды міндеттейтін заң жобасын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында «Дактиолоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 30 қараша 2016, 12:21 2 095 рет қаралды
Мәжіліс рақымшылық туралы заңды қарауына алды Қазақстанда

Мәжіліс рақымшылық туралы заңды қарауына алды

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты ұсынылған рақымшылық жасау туралы заң парламент мәжілісінің қарауына түсті деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуына қарағанда, рақымшылық ол туралы заң қабылданып, күшіне енгеннен кейінгі алты ай ішінде жүргізіледі,- деп хабарлады Азаттық. 30 қараша 2016, 10:56 2 812 рет қаралды
Нұрсұлтан Назарбаев қариялар мен ата-ананы қастерлеуге шақырды  Қазақстанда

Нұрсұлтан Назарбаев қариялар мен ата-ананы қастерлеуге шақырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы Нұрлан Қоянбаевтың «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болып, «бақыт» ұғымы төңірегінде ой қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бейнежазба 30 қараша 2016, 09:56 3 474 рет қаралды
Алматы облысындағы ағайынды үш кісінің өлімі бойынша сот үкімі шықты Қазақстанда

Алматы облысындағы ағайынды үш кісінің өлімі бойынша сот үкімі шықты

Алматы облысының Қаскелең аудандық сотында бүгін Көксу ауданының тұрғындары, мал сатумен айналысқан ағайынды кісілердің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Ағайынды үш ер адам - Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлықанұлы мен Қадылбек Әлімхан осы күзде жоғалып, кейін өлі күйінде табылған,- деп хабарлады Азаттық. 29 қараша 2016, 15:56 2 763 рет қаралды