Атырау, 22 желтоқсан 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Құрбан айт әртүрлі этностар арасында бірлікті сақтауға ықпал етеді - Назарбаев

1 533 рет қаралды


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Ақорда

"Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт - ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы. Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады", - делінген Президенттің құттықтауында. 

"Біздің елімізде Құрбан айт әртүрлі этностар мен дін өкілдері арасында өзара сыйластықтың, достық пен бірліктің бірегей дәстүрлерін сақтауға және оны нығайта түсуге ықпал етеді. Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, Назарбаев біздің елімізде осынау жарқын мейрамның алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардың құрбан шалуына, аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдайдың жасалғанын айтып өтті.

"Баршаңызды бүгінгі қасиетті мейраммен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, тыныштық, амандық пен өсіп-өркендеу тілеймін! Айт қабыл болсын!", - деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: Аkorda.kz 

1 қыркүйек 2017, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.