Атырау, 12 қаңтар 07:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Тоқаев: БҰҰ Мьянмадағы ахуалға қатысты тура көзқарасын білдіруі қажет

1 336 рет қаралды

Фото: Reuters

ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянмадағы ахуалға қатысты пікірін білдірді.

"БҰҰ Мьянмада болып жатқан оқиғаларға өз тура көзқарасын білдіру қажет. Соншама көп жазықсыз мусылмандар қатыгез қуғын сүргіннен өліп жатыр", — деп жазды Тоқаев Twitter аккаунтында.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, рохинджа халқының өкілдері 25 тамызда бір дегенде бірнеше полиция постарына, Ракхайн штатындағы әскери казармаларға шабуыл жасаған. Қауіпсіздік күштері мен рохинджа содырларының арасындағы қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Төрт жүз адамның қаза тапқаны туралы хабарланған, олардың көпшілігі мұсылман рохинджалар.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

4 қыркүйек 2017, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.