Атырау, 29 наурыз 17:44
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Әр мектеп 5 күндік оқу күнін дербес айқындауы тиіс - ҚР БҒМ

2 772 просмотра


ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында енгізілген жаңашылдықтарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Министрлік тарапынан білім беру нысандарына қатысты талаптар бойынша бастама жасалып, өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта сабақ бұрынғыдай 45 минут емес 40 минутқа созылатын болады. Екінші өзгеріс - санитарлық талаптан күндік оқу жүктемесін реттейтін норма толықтай алынып тасталды. Енді санитарлық талап апталық максималды оқу жүктемесін регламенттейді», - деп түсіндірді министрліктен. 

Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігі апталық оқу жүктемесі деген нені білдіретіндігін де тарқатып берді. 

«Ол 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін 22-ден 39 сағатқа дейін болады. Күндік максималды оқу жүктемесін әрбір мектеп оны қамқоршылық кеңесімен және ата-аталар комитетінің келісімімен дербес анықтайды. Осылайша, жаңа санитарлық талап 5 күндік оқу аптасын енгізуге мүмкіндік береді», - дейді министрліктен. 

Ведомство білім беру жүйесіндегі барлық конструктивті өзгерістер балалардың игілігі үшін жасалып жатқандығын атап өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 қыркүйек 2017, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.