Атырау, 22 желтоқсан 14:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Министр "Абу-Даби Плаза" жұмысшыларының төбелесінен зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтып берді

1 903 рет қаралды

Фото: Tengrinews.kz

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанадағы "Абу-Даби Плаза" құрылыс алаңында болған төбелестен зардап шеккендердің жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Зардап шеккен бірнеше адам болды. Қазақстан азаматтары да, Үндістан азаматтары да бар. Ауыр жарақат алғандар жоқ, екеуі ауруханаға жатқызылды. Біреуі қазақстандық, екіншісі Үндістан азаматы. Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық. Түрлі деңгейде жарақат алған, денелері көгерген, миы шайқалған. Қазір олар ауруханада", - деді министр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 қыркүйек 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.