Атырау, 22 желтоқсан 17:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Министрлік Қайрат Жамалиев VIP-камерада жатыр деген қауесетті тексерді

2 203 рет қаралды


Алматы облысының прокурорлары Қайрат Жамалиев жазасын өтеп жатқан колонияға аяқ асты тексеріс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы облысының прокуратурасы "Время" газетінде жазылған ақпараттың растығын тексеру мақсатында 31 тамызда сағат 00:35-те мекемеге толық тексеріс жасады. Тексеріс қорытындысы газетте айтылған VIP-камералар туралы ақпарат расталмады", - дейді ҚР ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.  Оның айтуынша, ары қарай Қайрат Жамалиевтің жататын орны тексерілген. "Н.М. Алтынхановтың өтініші бойынша ІІМ-нің Өзікндік қауіпсіздік департаменті Алматы облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Б.Т Жүнісов пен ЛА-155/14 Б. мекмесінің басшысы Э. Шәріпбековке қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр", - деп атап өтті Сәдубаев.  

Оның айтуынша, қызметтік тұлғалар тарапынан жасалған ереже бұзу деректері тәртіптік комиссияда қаралады. Кінәлілерге қатысты қатаң жазалар қолданылады, тіпті жұмыстан шығарылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz


31 тамыз 2017, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.