Атырау, 19 сәуір 07:48
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Еуропа қайта құру және даму банкі қазақстандық әйелдерге төмен пайызбен несие бермек

2 433 просмотра


ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Еуропа қайта құру және даму банкі қазақстандық әйелдерге әлеуметтік және болашақ энергиясы саласында өз жобаларын жүзеге асыру үшін аз пайызбен несие беру бағдарламасын іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы министр Тамара Босымбекқызы Астанада өтіп жатқан «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форумда мәлім етті.

«Еуропалық банктің вице-президенті Бетси Нельсон «Болашақ энергиясы» бағдарламасы аясындағы жобаларды қаржыландыруға 50 млн доллар бөліп отырғанын айтты. Қазақстандық әйелдер әлеуметтік және болашақ энергиясы төңірегіндегі бағдарламаға қатысуына болады. Мен де осы бағдарлама бойынша «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдау» бағдарламасын іске асырып отырмын. Әйелдер әлеуметтік жобаларға ғана емес, сонымен бірге жаңа технологияларды ойлап табу, жаһандық жобаларды іске асыру секілді жобаларға қатысуына болады», - деді Тамара Дүйсенова.

Министр атап өткен «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қорғау» бағдарламасы ағымдағы жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Кез келген Қазақстан азаматы өзі тұратын жердегі «Жұмыспен қамту орталығына» келіп бірінші осы бағдарлама туралы, сонымен бірге Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы несие алу туралы ақпарат алады.

«Бұл бағдарламаны «Даму» қоры арқылы жүзеге асырамыз. Сонымен бірге қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгро» корпорациясы да жобаға қатысып отыр. Шағын несиелер алу үшін әйелдерге арнайы бағыттар қарастырылған. Біздің бағдарлама бойынша жылына алты пайызбен несие беріп жатырмыз. Ал Еуропа қайта құру және даму банкі қаржыландырудың өзіндік құралдарын әзірлеп жатыр. Әзірге банктің пайыздық мөлшерлемесі белгісіз», - деп сөзін түйіндеді министр.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада «Әйелдер болашақтың энергиясын қолдайды» атты халықаралық форум өтуде. Форумға әлемнің 25 елінен 300-ден аса делегат қатысып отыр.

Дереккөз: Baq.kz

31 тамыз 2017, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.