Атырау, 23 желтоқсан 08:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Барлық жаңалық

Бостандықтың қадірі Басқа жаңалықтар

Бостандықтың қадірі

Біз өз үйімізде оқшауланып отырып, көңіліміз толмай жатады. Ал кейбіреулер үшін қамауда отырудың ең жаманы бұл емес. Тергеу абақтысынан (УГ-157/1 мекемесі) Исатай ауданы Аққыстау ауылының тұрғыны 31 жастағы Әлібек (есімі өзгертілді) босап шықты. Бостандыққа шығар алдындағы оның соңғы сәттері «АЖ» репортажында. Сурет 5 мамыр 2020, 10:41 4 827 рет қаралды
Бір жерде ұрланған көп жылқы тұр Басқа жаңалықтар

Бір жерде ұрланған көп жылқы тұр

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысының «Өлеңті» деген жерінде жүздеген ұрланған жылқылардың қамауда тұрғаны жөнінде видеожазба тарады. Олардың ішінде Атырау облысынан, әсіресе, БҚО шекаралас Қызылқоға ауданынан да ұрланған жылқылар бар деп көрсетіледі. Қолды болған жылқылардың бұл жерде қалай пайда болғандығы жөнінде жазбада айтылмайды, бірақ жер-жерден өз малын іздеп келушілер баршылық.  Бейнежазба 5 мамыр 2020, 09:32 12 979 рет қаралды
Халық ештеңеге сенбейді Басқа жаңалықтар

Халық ештеңеге сенбейді

Атырау қаласының ТКШ бөлімі жалпы сомасы 39 млн теңгеге 5 қоғамдық дәретхана сатып алды. Мемлекеттік сатып алу сайтында тендер 2019 жылдың аяғында өткізілгені туралы ақпарат бар – біреуін 7 795 200 теңгеге бағалаған «Аврора KZ» ЖШС жеңімпаз атанған. 4 мамыр 2020, 22:22 4 433 рет қаралды
«Бекіре» науқаны жалғасуда Атырауда

«Бекіре» науқаны жалғасуда

Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында  балықты қорғау үшін дәстүрлі «Бекіре» науқаны жалғасуда. Сәуір айында полиция, балық қорғау және ҰҚК шекара қызметкерлері 495 браконьерлік фактіні анықтады, оның ішінде 406 Атырау облысында, 42 Маңғыстауда және 47 Батыс Қазақстан облысында орын алған. 4 мамыр 2020, 21:58 3 847 рет қаралды
Наурызда өтпей қалған ҰБТ-ның қашан болатыны белгісіз Атырауда

Наурызда өтпей қалған ҰБТ-ның қашан болатыны белгісіз

Қазіргі уақытта Атырау облысында 4044 мектеп бітіруші ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Бұл барлық 11 сынып оқушыларының 79%-ын құрайды. Облыс орталығында - 1936 түлек, Жылыой ауданында - 643, Махамбетте - 206, Мақатта - 219, Құрманғазы ауданында - 343, Қызылқоғада - 300, Индерде - 205, Исатай ауданында - 192 түлек ҰБТ тапсырады. Бұл туралы Х.Досмұхамедов атындағы АМУ жанындағы Ұлттық тестілеу орталығының жетекшісі  Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА онлайн-брифинг барысында хабарлады. 4 мамыр 2020, 16:07 3 903 рет қаралды
"ҚазМұнайГаз" дағдарыстан келетін шығын туралы айтты  Қазақстанда

"ҚазМұнайГаз" дағдарыстан келетін шығын туралы айтты

"Осы жолы мұнай бағасының құлдырауы 2014-2015 жылдардан да қатты болды. Дәл қазір қандай бір болжам жасаған қиын. Дегенмен, қазіргі жағдай біздің қаржылық көрсеткіштерімізге теріс әсер ететін болады", - деді Қарабаев бүгінгі онлайн брифингте. 4 мамыр 2020, 16:07 4 151 рет қаралды
Дәурен Абаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды Қазақстанда

Дәурен Абаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Мемлекет Басшысының Д.Ә. Абаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы Жарлығы шықты, деп хабарлайды Ақорда. 4 мамыр 2020, 11:46 3 211 рет қаралды
​Қос Корея арасындағы атыстан ешкім зардап шеккен жоқ Әлемде

​Қос Корея арасындағы атыстан ешкім зардап шеккен жоқ

Шекарадағы атыс – кездейсоқтық. Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы кеше болған атысқа қатысты АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24». 4 мамыр 2020, 11:36 3 561 рет қаралды
Қазақстанда алғаш рет әскери қызметшілерді запасқа шығару тоқтатылды Қазақстанда

Қазақстанда алғаш рет әскери қызметшілерді запасқа шығару тоқтатылды

Қазақстанда 2019 жылдың көктемінде әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы Сәкен Жүсіпов мәлім етті. 4 мамыр 2020, 11:11 3 877 рет қаралды
Атырау әзірге ашылмайды, автобустар да жүрмейді Атырауда

Атырау әзірге ашылмайды, автобустар да жүрмейді

Базардың ашылуы туралы әлі әңгіме болған жоқ, ал қызметі рұқсат етілетін ұйымдар 4 мамырдан бастап барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істеуі тиіс. Оларды мобильді топ қадағалайтын болады. Ереже сақталмаған жағдайда берілген рұқсатты кері қайтаруы мүмкін. Бұл туралы онлайн өткен брифингте кәсіпкерлік басқармасының басшысы Айқын ЕЛЕУСІЗОВ мәлім етті. 4 мамыр 2020, 10:57 17 689 рет қаралды