Атырау, 13 қыркүйек 19:58
 дождьВ Атырау +27.9
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Елімізде күн күрт суытып, 26 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

3 064 рет қаралды

"Қазгидромет" РМК 17-19 қарашаға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Самарадан ойысқан солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның ауа-райына әсерін тигізуді жалғастыра береді. Кейбір жерлерде, әсіресе оңтүстіктегі және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда толассыз қар жауады деп күтілсе, солтүстік облыстарда антициклонның әсерінен күн 18-26 аяз болады, ал оңтүстік облыстарда 5-15 градус аяз күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік жартысында көктайғақ болады, солтүстікте боран соғады деп күтіледі.
16 қараша 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.