
15 қарашада сағат 16-да, Атыраудан Алматыға ұшқан SCAT әуе компаниясының Boeing 737-300 ұшағы Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонды.
DV770 рейсі жерге қону үшін жанармайын жағып, екі сағаттай аспанда айналып жүрді.
«AЖ»-ға белгілі болғандай, ұшақ салонында ұшу кезінде кондициялау жүйесінің индикациясы іске қосылған. Осыдан кейін әуе кемесінің командирі әуежайға оралуға шешім қабылдады. Сәтсіз рейс бүгін ұшады деп жоспарланған.
Еске сала кетейік, бұл SCAT ұшағына қатысты екінші оқиға. 11 қарашада «Атырау - Нұр-Сұлтан» рейсі кезінде биіктікке көтерілген ұшақ қозғалтқышына бір топ құс соғылған болатын. Бортында 115 жолаушысы бар ұшақ кері әуежайға оралуға мәжбүр болды.
Фархат ӘБІЛОВ
В Атырау 0