Атырау, 17 қаңтар 04:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -9
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Сәтбаевта қаңғыбас иттер 6 жасар қызды талап тастады

2 444 рет қаралды

Сәтбаев қаласында (Қарағанды облысы) қаңғыбас иттер алты жасар қызды талап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Liter.kz басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 15 қараша кешке саяжайдағы көшелердің бірінде болған. 

Қаңғыбас иттер қызды жабылып қапқан. Ата-анасы қыздың дауысын естіп көшеге атып шығады. Жедел жәрдем қызметкерлері тез жеткен. Алайда қыз қайтыс болған.

"Бүгін сағат 17.00-де Полицияның кезекші бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен хабарлама түсті. Олар алты жасар қызды иттер талап, қайтыс болғанын айтты. Ол жерге жедел-тергеу тобы шықты. Қыз неге қараусыз жүрген, соның салдарынан иттердің арасында қалғаны анықталып жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қыздың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар жасалады.

Қала әкімдігіндегілер саяжайға иттерді ұстау қызметі шығып кеткенін мәлімдеді.


16 қараша 2020, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.