Атырау, 22 сәуір 23:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19

Ақтөбе облысында ер адам өзбекстандықты құлдықта ұстап келген

2 985 рет қаралды

Ақтөбе облысында шаруа қожалығының иесі 58 жастағы өзбекстандықты құлдықта ұстап келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе облысында шаруа қожалығының иесі анықталып, полицияға жеткізілді. Ол өзбекстандықтың құжаттарын тартып алып, бір жыл бойы оған зорлық-зомбылық көрсетіп, жұмысқа салып қойған", - деді баспасөз қызметінің өкілі Камиль Ғалиев ІІМ-де өткен брифингте.

Ведомство мәліметінше, құлдықта болған өзбекстандық малға қарап, сол маңдағы сарайда тұрған.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

16 қараша 2020, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.