Атырау, 5 шілде 01:19
 дождьВ Атырау +26.2
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

АМӨЗ қала сыртына көшірілмейді

3 145 рет қаралды

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ журналистердің сауалына жауап бере отырып, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

- Зауыт қала ішінде орналасқан. Әрине, ол жаңа кәсіпорын емес, бірақ ол 3 рет жөндеуден өтті және заман талабына сай келеді. Экологиялық қауіпсіздікке қатысты мәселелер бар, бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Бірақ зауытты көшіру мәселесі қарастырылмайды, - деді Досмұхамбетов.

Әкімнің баяндамасына сәйкес, 2020 жылдың 1 қарашасындағы ахуал бойынша Атырау облысынан мемлекеттік бюджетке 946 миллиард теңге, Ұлттық қорға 491 миллиард теңге салық түскен. Жергілікті бюджетке түскен қаржы - 314 млрд теңге.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

14 қараша 2020, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.