Атырау, 5 желтоқсан 09:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Чемпионның әке-шешесі не үшін ІІМ-ге шағымданбақ» жарияланымына қатысты

3 819 рет қаралды

Атырау облысының полиция департаменті 9 тамызда қала маңындағы Дамба ауылында болған кісі өлтіру қылмысына облыстағы ПД қызметкерлерінің еш қатысы жоқ деп хабарлайды.

Осы қылмысты жасаған күдікті анықталып, «із суытпай» ұсталды. Сот оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда, тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына  («Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу») сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді.

Атырау облысының полиция департаменті

16 қараша 2020, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.