Атырау, 25 қараша 18:38
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ердоған Әзербайжанға әскер жіберуді жоспарлап отыр - БАҚ

2 399 просмотра

Түркия президенті Тайып Ердоғанның Әзербайжанға түрік әскерін жіберу туралы жарлығының жобасы республика парламентіне жіберілді, - деп хабарлайды tengrinews РИА Новости  агенттігіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, таяуда Түркия парламенті осы мәселені қарастырады.

Жарлық мәтінінде Таулы Қарабақ туралы бірлескен мәлімдеменің шарттарына, сондай-ақ Бакудың Түркия мен Ресейдің атысты тоқтату режимін бақылау жөніндегі бірлескен орталығын құру жөніндегі ұстанымына сілтемелер бар.

"Бірлескен орталықтың орнын Әзербайжан белгілейді. Орталықта әскери қызметшілер, ал қажет болған жағдайда мамандар жұмыс істейді. Орталықтың жұмысы Әзербайжанның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі қадамдар аясында оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның тиісті қарарларында да көрсетілен. Әзербайжанға әскер жіберу Түркияның ұлттық мүдделеріне де сәйкес келеді", - делінген құжат мәтінінде.
16 қараша 2020, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.