Атырау, 19 сәуір 17:49
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Тағы да әкімдікке арналған жол талғамайтын көліктер туралы

2 995 просмотра
Көрнекі сурет

«АЖ» бұдан бұрын Атырау облысының әкімдігі 20 миллион теңгеге жол талғамайтын екі көлік сатып алғалы жатыр, ал елде мұндай сатып алуға үш жылдық мораторий жарияланған, деп хабарлаған еді. Осы жарияланымнан кейін әкімдік  түсініктеме берді.

- Бұл көліктер Атырау жедел штабындағы жедел топтардың дайындық деңгейін арттыру үшін сатып алынды. Оларды сатып алуға облыстық мәслихаттың тиісті шешімімен қаражат бөлінді, - деп хабарлады «AЖ»-ға облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. - Бюджеттік өтінімге қозғалтқыш көлемі 1999 текше сантиметр болатын базалық жинақталымдағы Қазақстанда шығарылған KIA Sportage маркалы 2 көлікті сатып алуға баға ұсыныстары енгізілді.

Әкімдіктегілер өтінім беру кезінде Атырау облыстық әкімдігі үкіметтің базалық жинақталымнан жоғары жабдықталған және қозғалтқышы көлемі 2000 текше сантиметрден асатын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттерде шығарылған көліктерді сатып алуға үш жылға тыйым салу туралы үкімет шешімін ескерді деп сендіреді. Небәрі 9 сағатқа созылған тендердің жеңімпазы - «Азия Авто» АҚ болды.

Фархат ӘБІЛОВ

16 қараша 2020, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.