Атырау, 12 қаңтар 18:54
 бұлттыВ Атырау -4
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Әкімдік жол талғамайтын екі көлік сатып алуда

2 978 просмотра

Атырау облысының әкімдігі жалпы құны шамамен 20 млн теңгеге жол талғамайтын екі жеңіл автокөлік сатып алғалы жатыр. Бұл ретте тендерге қатысушылардың өтінішін қабылдауға тек  9 сағат бөлінген.

Өтінішті қабылдау бүгін, 11 қарашада сағат 9.00-де басталып, кешкі 18.00-де аяқталады. Лотқа жауапты ретінде Атырау облысы әкімінің аппарат басшысы Болат ИСАКОВ екені хабарланды. Көлік биыл шығарылған, түсі қара, және қозғатқыш көлемі 3000 текше сантиметр болуы шарт.

Айта кету керек, ҚР Президентінің өкімімен 25 мамырдан бастап 3 жылға барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін жеңіл, арнайы және жедел-қызметтік автокөлік құралдарын, сондай-ақ кеңсе жиһаздарын сатып алуға мораторий енгізілген-ді.

Фархат ӘБІЛОВ

11 қараша 2020, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.